Сен қайсысын таңдайсың

Сен қайсысын таңдайсың

Қанша ғұмырым қалды,қашан өлем,неге мен, мүмкін  емес, сенбеймін, сынама дұрыс болмаған шығар, тағы тапсырайыншы....... міне біздің алдымызға АИТВ жұқтырған адамдаррдың кездескен бетте қоятын сұрақтары.

АИТВ/ЖИТС саласында қызмет атқарып жүргендіктен  осы мақаламды бүгінгі жастарға, соның ішінде әсіресе жігіттер қауымына арнап отырмын. Өйткені жұмыс барысында  әр тіркелген жағдайларға байланысты түрлі  ойға қаласың. Соңғы кезде жыныстық қатынас арқылы жұғу жолдары, соның ішінде гомосексуальдық  қатынас арқылы таралу көрсеткіші күрт етек жайып отырғандығы қатты қынжылтады. Өсу қарқынымен  алсақ  астанамыздағы жұқпаланғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 36 жағдайға артық тіркеліп отыр,71,2%-ын  20-39 арасындағы жастар құрайды.  Қаламыздағы жастардың арасында жалпы жыныстық жолмен таралу көрсеткіші өткен жылдың 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 73% -дан 78%- ға өскен, ал соның ішінде гомосексуальдық таралу көрсеткіші 2 есеге өскен.

Бұл жетілгеннен бе жетпегеннен бе,асқаннан ба азғаннан ба, жыныстық жолмен тарайтын  дертке ұшырап жатқаны жақсылықтың белгісі емес. Сұхбаттасу барысында  пациенттеріміздің орта немесе жоғарғы білімді,осы дерттің егжей тегжейлі жұғу жолдарын  біле тұрып осы қатерлі дертке өз еріктерімен  бойын ұсынуы ақылға сыймайды. Ал салдары жыныстық жолмен таралатын түрлі  жұқпалы  ауруларға, белсіздікке, бедеулікке, отбасы жағдайында түрлі түсінбеушілікке апаратын үлкен  отбасылық  әрі қоғамымызға кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселе екені айдан анық .Сондықтан да елімізде  үйленген  жұптардың әрбір  онбесінші жұбы бүгінгі күні  бала сүю бақытынан айрылған.

Өкінішке орай жолдан сүрініп опық жеп, енді не істеймін, көмектесіңіздерші- деп келгенде біздің мамандар  әрқашанда дайын. Тіпті  АИТВ емделмейтін болса, дәрі ішудің қажеті қанша- дейтіндер де бар. Шын мәнінде  АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер вирустың таралу деңгейін тежейді және аурудың дамуын бақылауға, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ұзақ өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, оқуына, отбасын құруына,бала  сүйіп толық қанды өмір сүріп кетуіне   мүмкіндік береді. Емдеу неғұрлым ерте басталса, онымен өмір сүру ұзақтығы соғұрлым жоғары болады» – деп  тағы да еске салғымыз келеді.

    АИТВ-дан сақтанудың  тұрмыстық өмірдегі қарапайым ғана ережелері:  кездейсоқ жыныстық қатынасты болдырмау,есірткіні қолданбау ,жыныс жолдары арқылы жұғатын жұқпалардан сақтану. Ең бастысы, жастарымыз нәпсінің, жеңілтектіктіктің жетегінде кетпей дұрыс жол таңдаса екен –дейміз.

Сондықтан өміріңізде денсаулығыңызға байланысты күдікті оқиғалар болса ертерек тексеріліп, көңіліңізді сейілтуге болады

Өйткені біздің дәрігер мамандардың айтуы бойынша бұл жұқпаны адам бойынан және  ешкімнің бет әлпетінен оның АИТВ-статусын  бағалау мүмкін емес.Осыған орай жастарымызды  Нұр-Сұлтан қаласында қараша айының 15-25 аралығында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында –өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес аясында  өтетін  алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Айлық  аясында қаламыздың әрбір  аумақтық емханасында  және ЖИТС орталығында «Ашық есік» акциясы ұйымдастырылған, онда АИТВ-ға қатысты пайдалы кеңестер мен тегін түрде тексерілуге болады.

Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы , І.Есенберлин көшесі 5/1

Достық кабинет ,сенім телефоны: 38-04-64 . 

Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тың

алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»

МКҚК –ның  маманы Ж.Смағұлова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.