АИТВ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
АИТВ — адамның иммун тапшылығы вирусы— адам үшін қауіпті жұқпаның бірі. АИТВ берілу жолдары:
-жыныстық-гетеросексуалды және гомосексуалды байланыс кезінде
- парентеральды-тері, шырышты қабаттарының бүтіндігі бұзылғанда қан және оның компоненттерімен
-анадан балаға, яғни АИТВ жұқтырған әйелден нәрестеге АИТВ жұқпасы жүктілік және босану, немесе емізу кезінде берілуі мүмкін екенін білу қажет. Сондықтан, барлық жүкті әйелдерге, ережеге сәйкес диспансерлік есепке тұрғанда және 28-30 апталық мерзімінде АИТВ-ға тексерілу қажет. Босандыру үйіне АИТВ жұқпасына 2 рет тексерілу нәтижесі жоқ, немесе диспансерлік есепке кеш тұрып, 1 рет тексерілгеннен кейін 3 аптадан артық уақыт өткен соң келген немесе айырбас картасынсыз (обменная карта) түскен жүкті әйел АИТВ-ға алдын ала экспресс-тест қою арқылы тексеріледі. Жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеу, туған балаларды АИТВ жұқпасынан алдын ала сақтандыруға арналған маңызды рәсімдер болып табылады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес болашақ нәрестенің әкесінің АИТВ статусын анықтау ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуда маңызды роль атқарады, сондықтан медицина қызметкерлеріне жүкті әйелмен қатар оның жыныстық серіктесіне де АИТВ-ға тексеру жүргізу ұсынылады.
АИТВ-ның анадан балаға берілу қауіптілігі 15-30%-ды құрайды, бірақ алдын алу шаралары болған жағдайда қауіптілігі 2% дейін төмендейді.
Сонымен, адамның иммун тапшылығының вирусы балаға жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде берілуі мүмкін. Бірақ, жүктілік және босану кезіндегі уақытылы іс-шаралар бұл қауіптілікті азайтуға мүмкіндік береді.
Зерттеулер бойынша, АИТВ-ға оң нәтижелі әйелдің денсаулығына жүктілі болу, баланы дүниеге әкелу зиян келтірмейді. Жүктілік кезінде барлық әйелдердің иммундық статусы төмендейді, бірақ босанғаннан кейін қалпына келеді.
Егер АИТВ жұқтырған әйелдің иммундық статусы 200 клетка/мл-дан төмен болса және ол АИТВ жұқтырып, 4 клиникалық (ЖИТС) сатысында болса ғана ықтимал мәселелер болады. Жүктілік және босану кезінде вирустың берілуін болдырмау үшін АИТВ-ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектердің арнайы алдын алу курсын тағайындалады. Жүктілік кезінде оларды 14 аптадан бастап қабылдай бастайды. Бұл дәрі-дәрімектер жүктілік кезінде қабылдауға және сәби үшін қауіпсіз, балаға ешқандай зияны жоқ.
Сондықтан, егер Сіз АИТВ жұқтырып, сіздерге терапия тағайындаса - дәрігермен жүктілікті жоспарлау және сол кезде қабылдау мүмкіндіктерін талқылаңыздар. АИТВ жұқтырған әйелдердің бала тууының оңтайлы әдістеріне қатысты біріңғай пікір жоқ.
Қауіптілікті төмендету үшін кесарь тілігі операциясын ұсынады. Егер әйелде кесарь тілігі операциясына арналған басқа көрсеткіштер және вирустық жүктілігі аса көп болмаса, дәрігерлер табиғи босануды ұсыналады.
Есірткі тұтыну, ішімдік ішу және темекі шегу АИТВ-ның балаға берілу қауіпін арттырады, сондықтан олардан аулақ болған жөн. Егер сіз жүкті болуды енді ғана жоспарласаңыз, есірткі немесе никотинге тәуелділік бойынша көмекке жүгінгеніңіз дұрыс.
Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану қажет – бұл баланың АИТВ-ға оң нәтижелі болу ықтималдығын азайтады.
Күйзелулерден аулақ болып, көбірек демалуға тырысқан жөн. Кейбір витаминдер баланың дамуына ғана пайдалы емес, сонымен бірге АИТВ-дан қорғауы мүмкін. Тек қана мынаны ескерген дұрыс, витаминдерді дәрігер тағайындау қажет. Емшекпен емізу кезіндегі АИТВ-ның балаға берілу ықтималдығы шамамен 10-20%-ды құрайды, сондықтан оны болдырмау қажет.
Балалар анасының антиденелерімен (антитела) дүниеге келеді, сондықтан егер анасында АИТВ болса, баланың талдау нәтижесі, тіпті онда вирус болмаса да оң болады. Егер балада АИТВ болмаса, қарсы дене бірнеше уақыт өткен соң жоғалып кетеді. Әдетте бұл жағдай 12-18 ай кезеңінде болады. Қарсы денені емес, вирустың өзін анықтайтын ПЦР тесті бар. ПЦР босанғаннан кейін 4 аптадан соң 90%-ға, ал 6 айлығында 99% -ға дұрыс көрсетеді. Үнемі балаға АИТВ-ға анализ жасап тұру керек, дәрігерден кеңес алып және мүкіндігінше баланың денсаулығына мұқият қарап отырған дұрыс. Ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмектер балаларға да тіпті кішкентай балаларға да қарастырылған. АИТВ-мен өмір сүретін балалардың денсаулығына айрықша мұқиятпен дәрі-дәрмегін дер кезінде қабылдауын, инфекцияның алдын алу, құнарлы тамақтандыруды ескеру қажет. Алайда заманауи емдеу әдісінің арқасында АИТВ-мен дүниеге келген көптеген балалар бүгінгі күні ер жетіп жатыр.
Денсаулықтарыңызға үлкен жауапкершілікпен қараңыз! Дәрігерге баруды, дәрі-дәрімек қабылдауды немесе анализ тапсыруды ұмытпаңыздар!
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК
Эпидемиолог-дәрігер З.Рахимбаева
[xfvalue_img]
13 пікір