Шығыс Қазақстанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті
Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық, сенім сияқты маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында 2018 жылдан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адал ұрпақ» жобасы іске асырылуда.
Сондай-ақ, осы жобаны іске асыру 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Кешенді жоспарда көзделген.
Кешенді жоспар аясында 2021 жылдың 13 қазанында Шығыс Қазақстан облысында онлайн форматта «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының жыл сайынғы облыстық слеті өтті.
Слетке білім беру бөлімдерінің басшылары, «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесін қадағалайтын мамандар, клуб мүшелері, «Парасатты отбасы» отбасылық оң тәжірибені тарату конкурсының, «Адалдық – ең асыл қасиет» эссе конкурсының жеңімпаздары, Ютуб арнасындағы тікелей эфирге қосу арқылы облыстың білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Слетке қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Ж.Байділдин «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы балалардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін дамытуға, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Шаухина өз кезегінде парасаттылық негіздері, оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық ұстанымдары мен құқықтық мәдениетін тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп отыратынын айтты. Клуб қатысушылары өздерінің құқықтық сауаттылығын, құқықтық нормаларын арттырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысады.
Қатысушылардың назарына оң тәжірибені тарату үшін Алтай қаласы №8 ОМ «Адал ұрпақ» клубының жұмысы презентация түрінде және Семей қаласы Т.Аманова атындағы № 16 ЖОББМ бейнеролигі ұсынылды.
Соңында облыстық конкурстардың жеңімпаздары, Алтай қ., Шемонаиха және Аягөз аудандарының «Адал ұрпақ» үздік клубтары және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесіне жетекшілік ететін облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің мамандары ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының грамоталарымен марапатталды.
[xfvalue_img]