Бірыңғай жиынтық төлем және Мүлік салығы бойынша ТОП-10 сұрақ-жауап

Бірыңғай жиынтық төлем және Мүлік салығы бойынша ТОП-10 сұрақ-жауап

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер хабарлайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады және қай азаматтар мүлік салығынан босатылады. 

Азаматтардың жиі келіп түсетін 10 сұрақ. Бұл сұрақтар көбінесе қазақстандықтардан Байланыс орталығына түседі.

2021 жылдың 8 айында республика бойынша Байланыс орталығы салық төлеушілердің 620,5 мыңнан астам қоңырауына жауап беріп, азаматтардың 94%-ы операторлардың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады». 

№1 сұрақ:

Мен жеке тұлғамын, 2020 жылға мүлік салығын қай күнге дейін төлеуім керек?

Жауап:

2021 жылдың 1 қазанына дейін. 

№2 сұрақ:

Биыл мүлік салығы өткен жылмен салыстырғанда жоғары, себебі неде?

Жауап:

Жеке тұлғалардың мүлік салығының мөлшері мүліктің құнына байланысты. Мүліктің құнына сәйкес салық ставкасы қолданылады. Нысанның құны туралы ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан келеді. 

№3 сұрақ:

Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылды ма?

Жауап:

Жалғыз тұратын зейнеткерлер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:

тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, оның ішінде сондағы ғимараттары мен құрылыстары;

іргелес жер учаскелері –

барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде. 

№4 сұрақ:

Көп балалы аналар немесе көп балалы ата-аналар мүлік салығынан босатылған ба?

Жауап:

«Батыр ана» атағын алған немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеке тұлғалар үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:

тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары;

іргелес жер учаскелері -

барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде. 

№5 сұрақ:

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүлік салығынан босатылды ма?

Жауап:

Мүгедектер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:

тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары;

іргелес жер учаскелері;

жеке үй (қосалқы) егіншілікке, бау -бақша мен саяжай құрылысына берілген жер учаскелері, оның ішінде ғимараттар үшін алынған жер;

гараждар орналасқан жер учаскелері;

барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1500 еселік мөлшері (2020 жылға 3 976 500 теңге) шегінде. 

№6 сұрақ:

Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу үшін қандай реквизиттер қажет?

Жауап:

Жеке мүлік салығының реквизиттері:

БСК коды - 104102,

СТН коды -911;

Айыппұл туралы мәліметтер:

СТН коды - 912. 

№7 сұрақ:

Мен ауылдық жерде тұрамын, бірыңғай жиынтық төлем  қанша төлеуім керек?

Жауап:

Айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселік мөлшері, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1459 теңге. 

№8 cұрақ:

Егер мен Алматыда (Нұр-Сұлтан қаласында) тіркелген болсам, бірыңғай жиынтық төлем  қанша төлеуім керек?

Жауап:

1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 2917 теңге. 

№9 cұрақ:

Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады?

Жауап:

Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі). 

№10 cұрақ:

Салықты қалай төлеуге болады?

Жауап:

Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі). 

Сонымен қатар Байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы, қосымша 3 нөмірін теріп, хабарласуға болатынын еске саламыз. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.