Қызылордада пробация қызметтеріне 10 биотерминал орнатылды
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында Қызылорда қалалық және аудандық пробация қызметтеріне 10 биотерминал орнатылды. Аталмыш құрылғы пробация қызметінің жұмысын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда септігі мол. Биотерминалды алғашқылардың бірі болып, Сырдария, Қармақшы аудандық пробация қызметіне орнатып, онымен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, сотталған азаматтарды электронды тіркеу басталды.
Бұл құрылғы сотталғандардың саусақ таңбасы арқылы, бет-әлпетінің геометриясын автоматты түрде танып, сотталғанның жеке бас дерегінен бастап, қандай бап бойынша сотталғаны туралы толық ақпарат береді. Бұрын сотталғандар тіркеуге келген кезде кезек күтетін болса, қазір құрылғының көмегімен саусақ арқылы, тіркеудің күні мен уақыты белгіленіп, олардың уақытын да үнемдеуге болады.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
22 пікір