Қазақстанда тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылды
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Заң консультанттарының республикалық алқасы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою шеңберінде тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылатына хабарланды.
Меморандум мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен құқықтық көмекпен қамту деңгейін көтеру. Қазіргі кезде алқаға 3000 жуық заң консультанттары кіреді. Мұндай қосымшаның іске қосылуы әсіресе әлеуметтік осал топтар мен ауыл тұрғындары үшін маңызды. Қосымша арқылы үйден шықпай-ақ тегін кешенді заңгерлік көмекті алуға болады.
Заң консультанттарының республикалық алқасы төрағасы Серік Ақылбай:
- Меморандум мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары, басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Әсіресе мұқтаж топтар арасында құқықтық ағарту құқықтық мемлекетті нығайтуға оң септігін тигізеді.
«Әділдік жолы» РҚБ төрағасы Дидар Смағұлов айтуы бойынша,
«Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру сыбайлас жемқорлықпен күрестін ең бір тиімді құралы болып табылады. «LawCenter» қосымшасы құқықтық көмекті одан әрі ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаны жүктеп алған, әрбір қазақстандық өз сұрағын заң консультанттарына қоя алады.»
Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру сыбайлас жемқорлықпен күрестін ең бір тиімді құралы болып табылады. Сондықтан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі парақорлықтан таза мәдениет қалыптастыру .үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылады.
https://www.facebook.com/AdildikJoly
https://www.youtube.com/channel/UC7D101i9EDtFfvsqNy532MA
[xfvalue_img]