Жыл басынан СҚО жолдарында 100 жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді
Екі апта бойы өткен «Мас жүргізуші» облыстық жедел-профилактикалық іс-шара 31 шілдеде мәресіне жетті. Атауына қарамастан, операцияның мақсаты тек мас жүргізушілерді анықтау ғана емес, жалпы Жол жүрісі ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу мен оларды анықтау болды.
Жеті айда СҚО жолдарында 97 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 17 адам қайтыс болған және 123 адам жарақат алған. Талдау жыл басынан автоавариялардың негізгі себебі жаяу жүргіншілер өткелінен, көше қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу, жылдамдықты асыру, басып озу, маневрлеу, арақашықтықты сақтау қағидаларын бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан орын алатын бұзушылықтар екендігін көрсетіп отыр.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, жыл басынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша өңірде 13 жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген. Оның соңғысы – «Мас жүргізуші», ол 15-31 шілде аралығында өткен. Іс-шара нәтижесі бойынша соңғы 16 күнде СҚО жолдарында ЖЖЕ 8128 бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Оның – 92 фактісі көлікті масаң күйде басқару. Дені ұсақ бұзушылықтар, қауіпсіздік белдігін тақпау (1164 факті), рөльде телефонмен сөйлесу (792 факті) сияқты маңызды пункттер желікпе жүргізушілердің түсінігінше болмашы нәрсе саналғанымен, бұл талаптарды елемеудің соңы қауіпті салдарға әкелуі мүмкін, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің тарапынан бұзушылықтар (1165) анықталды. Сондай-ақ жылдамдықты бұзудың 726 және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтудің 110 фактісі анықталды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы: облыстың барлық аудандарындағы аса авариялық-қауіпті жол учаскелерінде патрульдік автомашиналардың макеттері орналастырылған атап өтуде. Олар түнде аса тиімді: макеттерді көрген кезде жолаушылар жылдамдықты азайтып, жол жүрудегі тәртіпті ұстанады. ЖПҚБ аппараты қызметкерлері әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыс жүргізеді, жаднамалар мен профилактикалық картиналар жарияланады.
«Мектеп оқушылары жазғы демалысының соңғы айы басталды», - СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – «Жуырда жаяу жүргіншілер өткелдерінде, аулалар мен көшелерде түрлі жастағы мектеп оқушыларының қарасы қалыңдайды. Оқу жылы басталар алдында «Абайлаңыз, балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңін өткізу жоспарланып отыр. Жол-көше желілері, әсіресе оқу орнындарына жақын жолдардың жағдайы тексеріледі, ата-аналар жиналыстарында балалар жол-көлік жарақаты профилактикасы бойынша дәрістер өткізіледі».
Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады, жол кез келген қателікті кешірмейді.
Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір