«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялады
2021 жылғы 29 маусым, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Холдингтің Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді жариялайды. Конкурсқа өтінімдер 13 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Айта кетейік, Қоғамдық кеңес 11 адамнан тұрады, олардың үшеуі - Холдинг өкілдері, сегізі - азаматтық қоғам өкілдері.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңестің мүшесі бола алады. Нақты талаптар мен құжаттар тізімі туралы толық ақпарат Холдингтің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://baiterek.gov.kz/kk/pr/news/kholding-o-amdy-ke-es-m-shelerin-saylau-shin-konkurs-zhariyalaydy
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]