Погондағылардың балаларының бақытын баяндаған  іс-шара өтті.

Погондағылардың балаларының бақытын баяндаған іс-шара өтті.

1-маусым Балаларды қорғау күніне орай,  ЗК-169/1 мекемесі кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д. Шахидің ұйымдастыруымен,    қызметкерлердің  балаларын қатыстыра отырып « Біз бақытты баламыз, әндетеміз, сурет саламыз» деген тақырыпта сурет байқауы өтті.

    Байқауға 5-9 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар суреттерінде, ата-аналары мен өз үйлерін,  туыстарын, достарын,табиғатты, көбелек  пен бақыт құсының суретін бейнелеген .

   Бояумен   салынған өнерді бағалау мақсатында, С.Айтбаев көркем-сурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы арнайы шақыртылып, әділқазылық жасады.

   Байқау барысында, балғын балалар,  алдымен өздерін, ата-аналарын  таныстырды. Содан соң, салып келген суреттерінің мазмұны жайлы айтып берді. Мерекелік іс-шара болғандықтан, тақылдап тақпақ айтып, әуелетіп ән салды. Қазақы салт-дәстүрді  берік ұстанған Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлерінің баларының біразы бата жаттап келген екен.

«Біздің қызметкерлер, жұмыстарының қауырттығына  қарамастан,ата-баба дәстүріне адал, отбасы құндылығы мен бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп отырады. Олардың балаларының жетістігі өздерінің өнегелі, салауатты  өмірлік  ұстанымынан деп білемін. Бүгінгі іс-шара кадр саясат тобының тарапынан қызметкерлерімізді қолдап, олардың өнегелі өмірін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды», – деді Д. Шахи.

  • Байқауға қатысқан балар, суреттерін бала  қиялы бойынша салып әкелген. Соның ішінде, Нариманұлы Рамазанның  еңбегін ерекше айтуға болады. Бұл бүлдіршін суретін,  қанық бояумен, терең мазмұнмен салған. Сонымен қатар, ағайынды Мағжан мен Дінислам Ардақұлының және  Ғабит Айшаның суреттері де өз  деңгейіндегі дүние.

 Бұл балалардың талабын ұштап,   кәсіби сурет өнеріне баулу мақсатында өзімнің мектебіме шақырамын-деп аяқтады сөзін, әділқазылық жасаған кәсіби суретші.

Байқау соңында, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетовтың ұлы Нұр-кемел,

М. Мақавтаевтың « Үш бақытым өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айтты.  Ал, прапорщик М. Арысбековтың баласы Назар,  баба өсиеті бата айтуымен  ерекшеленді.

    Осылайша өз өнерлерімен, балалық шақтарының бақытты бейнесін  көрсеткен   погондағылардың  балалары , мекеме бастығының атынан мақтау қағаздарын алып, арнайы  бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.