Қызылордада сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды.
Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында 6 дана құрттың ішіне марліге оралып салынған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» затты анықтаған.
Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 3,20 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]