Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда притон жабылды

Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда притон жабылды

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен жезөкшелік притонын  және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласындағы сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды. 

Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды. Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар, сондай-ақ, әкімші бөлмесінен жалпы салмағы 5,20 грамм  "гашиш" есірткі заты  және контрацепция құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталды.  

Мекеменің иесі де анықталды. Оған және  екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу мақсатында үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс - шаралары жүргізілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

97 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.