ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ БІР АЙДАН АСТАМ УАҚЫТ БҰРЫН COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАНЫ ӨЗІНЕ САЛДЫРДЫ

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ БІР АЙДАН АСТАМ УАҚЫТ БҰРЫН COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАНЫ ӨЗІНЕ САЛДЫРДЫ

«Ақпараттың БАҚ арқылы таралуын қаламадық. Бірақ бұл туралы ғылыми институттың директоры айтқан екен, Иә, ақпаратты растаймын. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазір қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Оны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысты. Әуел бастан осы жобаның әр кезеңін қадағалап, клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерімен күнделікті танысып отырдым. Сондай-ақ сараптама нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін байқадым. Сондықтан отандық вакцинаны өзіме салдыру туралы шешім қабылдадым. Содан бері біраз уақыт өтті. Қазіргі уақытта жағдайым жақсы, ешқандай кері әсері болған жоқ, температурам қалыпты", – деді министр.

Ғалымдар (коронавирусқа қарсы QazCovid-in® вакцинасын әзірлеушілер) осыдан 2 ай бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинаны өздеріне салдыру жөнінде шешім қабылдаған алғашқы еріктілердің бірі болғанын атап өткен жөн.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" – ТМД аумағындағы ең мықты институттардың бірі. 1958 жылы құрылған ғылыми институттың ғалымдары сол уақыттан бастап елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әзірлемелермен айналысады. Институт зерттеушілері қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы көптеген дәрі-дәрмектер мен вакциналарды әзірлеп, қолданысқа енгізген болатын. Олар басқа мемлекеттерде де белсенді қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

18-50 жас аралығындағы ересек еріктілердің қатысуымен  вакцинаны клиникалық зерттеу 17 қыркүйекте басталды. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын зерттеудің бірінші кезеңіне коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысып жатыр. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші кезеңге 200 ерікті қатысады деп жоспарланған.

Жалпы Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген азаматтардан 688 өтініш келіп түсті. Вакцинацияға қатысатын еріктілер тобы құрылып, олар скринингтен өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 15 мамырда отандық коронавирусқа қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны кандидаттық вакциналар тізіміне енгізіп, 29 тамызда клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат бергенін естеріңізге сала кетейік.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

69 пікір

  1. аватар
    Hayden 31 октября 2026 02:31

    Credit cards for online gambling were banned federally under the Interactive Gambling Amendment (Credit and Other Measures) Act 2023, which took effect on 12 June
    2024. ACMA also reports that more than 225 illegal operators have
    withdrawn from the Australian market since 2017, rather than remain on its enforcement radar.
    Under federal law, Australian-licensed operators cannot offer online casino games or pokies to people physically in Australia.


    References: https://inviewsalespro.com/

  2. аватар
    Arnold 1 ноября 2026 02:27

    If you’re a frequent player, VIP Program perks can include extra
    casino bonuses, faster withdrawals, and personalised offers.
    I’ve used plenty of Australian online casinos, and honestly, PayID deposits are almost always instant.

    PayID withdrawals let Aussie players enjoy fast, transparent,
    and reliable access to their winnings. Some of the
    exciting crash games you’ll find include Super Beto Crash, Speed Crash,
    Dragon’s Crash, Big Bass Crash, and Crash X.

    Banks do apply daily limits on payments to a new PayID, typically A$1,000 to A$5,000 for
    the first 24 hours, which can affect a large first deposit.

    The casinos listed here are licensed offshore and accept Australian customers.


    References: https://www.irts-forum.in/d/121-online-pokies-payid-deposit-instant-funding-gui
    de-for-aussie-pokies-players

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.