Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар халық ақшасын үнемдеді
Ақтөбеде коммуналдық қызметтер бір айға жуық уақыт бойы қоқыс қалдықтарын шығармай, қоқысқа қарсы рекорд орнатып, барлық қала бойынша жағымсыз иіс таралған болатын.
Осыған орай, проблемалық мәселелерді мониторингілеу арқылы волонтерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға жүгінген.
Мәселені зерделеу барысында, бүгінде қала тұрғындарының кең таралған триггеріне айналған, қоқыс шығару бойынша тарифтерді негізсіз арттыру фактілері анықталды.
Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер - ағымдағы жылдың 21 тамызынан бастап ұлғайғанына қарамастан, заңсыз есеп айырысуларға байланысты, тұрғындар шілде айынан бастап артық төлемдер жүргізген.
Осы факті бойынша шаралар қабылдау үшін Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ағымдағы жылдың шілде айындағы түбіртектерде қайта есептеу жүргізу туралы хат жолдады.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, бүгінгі күні 171 401-ден астам абоненттің қаражаты қайта есептеліп, 42 млн.теңгеден асатын негізсіз ұсталымдар кері қайтарылатын болады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің арқасында тұрғындарға келтірген залал өтелді.
Қоғамдық бақылау бағыты бойынша өңір мәселелерінің мониторингі жалғасуда.
[xfvalue_img]
90 пікір