Оралда батыс өңірлердің инфрақұрылымдық жобалары талқыланды – ҚР ИИДМ

Оралда батыс өңірлердің инфрақұрылымдық жобалары талқыланды – ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Орал қаласында ұйымдастырылған өңірлік кеңеске қатысты. 

Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің батыс өңірде республикалық және жергілікті жолдарды салу, теміржол және азаматтық авиация саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Берік Камалиев Еуразияның негізгі көлік дәліздері өтетін батыс өңірлердің маңызын атап өтіп, шешімін табуы тиіс бірқатар мәселені қозғады.

Соның бірі - автомобиль жолдарының сапасы. Өңірдегі республикалық автожолдардың жағдайы елдегі көрсеткіштен төмен. Атап айтқанда Қазақстан бойынша ол - 90%, аймақта 84% құрайды. Жергілікті жолдардың жағдайы да мәз емес. Тиісті көрсеткіш небәрі 58% шамасында. 

Бүгінгі таңда батыс өңірде бірқатар жолдар салынып, жаңғыртылуда. Соның бірі ұзындығы 715 шақырымдық «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» көлік дәлізі. Жақында «Подстепное- Федоровка-РФ шекарасы» автожолын жаңарту басталады. Сондай-ақ, Орал қаласын айналып өтетін «Орал-Атырау» және «Ақтөбе-Ұлғайсын» жолдары бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы күрделі жөндеу басталған "Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" және "Өнеге-Бисен-Сайхин" автожолының 130 шақырымында биыл қозғалыс ашылып, 2023 жылы толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

Республика бойынша жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70 мың шақырым болса, соның 11 мың шақырымы - батыс өңірде. Бүгінгі таңда олардың көрсеткіші ең төмен болып отыр, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында небәрі 39%-ды құрайды. Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Кешенді даму жоспарына сәйкес өңірдегі жолдардың нормативтік жағдайын 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірлерде әлеуметтік маңызды автобус бағдарларын субсидиялау бойынша Автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілді. Берік Камалиев осы орайда іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындаудағы өңірлер басшылығының жауапкершілігін еске салды.

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына сәйкес жеке инвестиция, атап айтқанда, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" консорциумын тарта отырып, Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін реконструкциялау аяқталды. Жақында әуежайға Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілді.

Жиын соңында  вице-министр Берік Камалиев инфрақұрылым сапасын арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттер уақытылы және сапалы орындалуы қажеттігін атап көрсетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

85 пікір

  1. аватар
    Jimmy 31 октября 2026 01:34

    Operators licensed by the ACMA offer this service as the primary method for sports
    betting and lotteries. No complicated details such as card numbers or CVC, no long codes or mistakes with figures - just a phone or email as an identifier, the amount to be transferred,
    and access to personal banking to confirm the action. That’s all
    we had to share about the online casino PayID withdrawal
    Australia experience. Known for its strategic gameplay, blackjack
    is a hit among Australian players who enjoy testing their decision-making skills at PayID online casinos.
    Whether you’re a fan of the traditional fruit machine or looking
    for movie-themed adventures, there’s a pokie for every taste at Aussie online casinos with payid
    pokies australia
    withdrawals.

  2. аватар
    Alfonso 31 октября 2026 03:53

    Nutze dann einfach den dazugehörigen Link, um dich zur jeweiligen Webseite weiterleiten zu lassen. Alle haben dabei eine große Auswahl an ebenso vertrauenswürdigen Zahlungsdienstleistern im
    Angebot, mit denen du dein Guthaben für
    die Slots aufladen kannst. Wenn du wissen möchtest, ob etwaige Gebühren auf dich zukommen und
    vor allem, welches das beste sofort einzahlung casino bonus mit Klarna ist, dann
    solltest du jetzt weiterlesen. Insgesamt bietet Klarna jedoch eine einfache und sichere Möglichkeit, Guthaben in Online Casinos einzuzahlen. Wenn Sie daher mit Klarna auszahlen lassen wollen, sind häufig alternative Zahlungsmethoden erforderlich.
    Oft liegt es daran, dass nicht genügend Guthaben auf dem Bankkonto
    vorhanden ist oder das monatliche Einzahlungslimit bereits erreicht wurde.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.