ҚР ИИДМ басшысы: Ірі инфрақұрылымдық нысандарда отандық құрылыс материалдарын пайдалану қажет

ҚР ИИДМ басшысы: Ірі инфрақұрылымдық нысандарда отандық құрылыс материалдарын пайдалану қажет

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астанадағы тұрғын үй-коммуналды және жол инфрақұрылымының бірқатар нысанына аялдап, алдағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді

Атап айтқанда, ведомство басшысы елордадағы сумен жабдықтау нысандарын аралап көрді. Мәселен, жаңа сорғы-сүзгі стансасының (3-ССС) құрылысын тексеріп, Астана су қоймасындағы 1-ші көтергіш сорғы стансасына барып, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 1-ССС мен 2-ССС су дайындау кешенінің жай-күйімен танысты.

Бұған қоса осы жұмыс сапарында Марат Кәрімжанұлы нөсерлі суға арналған (VI-1 ТҚ мен III-6 ТҚ) кәріз-тазарту жүйесі мен 2-кәріз-тазарту стансасының (2-КТС) құрылыс жұмыстарының қарқынын байқап шықты.

Осыдан кейін министр Астанадағы 2-ЖЭО-на барып, алдағы жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарын пысықтап, кәсіпорынның даму жоспарымен танысты.

Сонымен қатар М.Қарабаев бас шаһардың сол жағалауында салынып  жатқан жылу қазандығының құрылыс жұмыстарын тексергенін айта кетейік. Жеткілікті көлемдегі қуат қорына ие жаңа нысан (250 мың тұтынушыға дейін шақталған) қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің ортақ желісіне қосылатын болады. Бұл жоба жүктемені азайтып, ЖЭО жұмысын жеңілдетеді деп қарастырылған.

Жұмыс сапарының соңында ИИДМ басшысы Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысын пысықтады. Жыл соңына дейін көпір бойынша барлық негізгі жұмысты аяқтап, жол қозғалысын ашу жоспарланған. Көпірді абаттандыру жұмыстары 2024 жылы аяқталмақ.

Нысанды аралау кезінде М.Қарабаев мердігерлермен кездесіп, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелерін талқылады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

32 пікір

  1. аватар
    Angelica 17 ноября 2024 05:44

    тәлімгер бекіту туралы бұйрық, тәлімгердің мақсаты 4 моль ортофосфор
    қышқылының массасы, зат мөлшері 3 моль күкірт қышқылының
    массасы рекурсия с++, чему равно значение глубины
    данной рекурсивной функции при n = 21 топ музыка 2022, скачать сборник музыки 2022 зайцев нет

    my web-site - жастар сарайы
    костанай фото

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.