Астанада діни әдебиеттерді заңсыз тарату фактісі анықталды
Астана қаласы ПД ЭҚБ-ның қызметкерлері жүргізген мониторинг барысында Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату фактісі анықталды.
Елордалық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмаған әдебиеттер сататын дүкен орнатылғанын анықтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490 бабының 1-бөлігі 3-тармағын (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату) негізге ала отырып әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын тұлғаларды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
33 пікір