АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫНДА 3000 БЮДЖЕТ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН
Бюджеттің ашықтығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесін ұсынатын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы әрбір тұрғын нақты уақыт режимінде әлеуметтік объектілерді салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Бұл үшін Publicbudget.kz порталында қажетті аймақты таңдап, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, жолдар және басқа да бюджеттердің бюджетін көруге болады.
Жалпыға қолжетімді сервисте азаматтар өз пікірін қалдыра алады немесе нақты деректердің құжаттамамен сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тиісті фото - және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтініш бере алады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалпы сомасы 430 млрд. теңгеге жуық түрлі қызмет саласындағы ұйымдардың шамамен 3000 бюджетін орналастыруды қамтамасыз етті.
Интерактивті карта негізінде өткен жылдан бастап бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға азаматтардың хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесуге бағытталған «Ашық бюджет» жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері Publicbudget.kz порталы арқылы бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізуде. Мониторинг арқасында 9,7 млн-нан астам теңге үнемделді.
Сондай-ақ, облыстық Департаменттің жанында «Ашық бюджет» өңірлік клубы жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін оларға кеңес беру болып табылады. Клуб құрамына қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қаржы, экономика және салық саласының мамандары кірді. Бүгінгі таңда «Ашық бюджет» жұмысы аясында әлеуметтік желілерде 35-тен астам тікелей эфир өткізілді.
[xfvalue_img]