Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар туралы мағұлмат
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығымен бекітілген «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы №87 бұйрығы);
2) Мемлекеттік кірістер органының ақшасын уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы және (немесе) кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде аванстық төлемдердің енгізілгені туралы төлем құжатының көшірмесі;
3) Кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;
4) Кепілгерлік шартын, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған мүліктің кепілгерлік шарты, төлеушімен және мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүлік кепілінің шарты, кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;
5) Сақтандыру шартын табыс ету.
Егеубаев Еркебұлан
Тарифтік реттеу басқармасының
Кедендік құн бөлімінің жетекші маманы
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
[xfvalue_img]
15 пікір