Бозжыра
Бүгінгі күні «Бозжыра сафари» қонақ үйінің жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады, яғни жоба дайын болғаннан кейін ғана қоғамдық тыңдауларға ұсынылатын болады.
Қазіргі уақытта құрылыс басталған жоқ. Желіде таратылған видеода тек 2 күн мерзімге болашақ объектінің жоспарланған орнына инвестор тобының кетуіне байланысты уақытша шатыр, мобильді әжетхана және жылжымалы генератор орнатылды.
Жобаны іске асыруды бастаған кезде ұйымдастырушылар міндетті түрде барлық қажетті қоғамдық, экологиялық тыңдаулар өткізетін болады және қолданыстағы заңнаманың барлық санитарлық-экологиялық, табиғи нормалары сақталатын болады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]