Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңнамалық нормалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңнамалық нормалар түсіндірілді

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин брифинг барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Жуырда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қабылданған заңның тармақтарының бірі сыйлықтар алуға тыйым салу мәселесі болып табылады.

Егер бұрын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынған болса, қазір Заңмен мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған өзге де тұлғаларға беруге рұқсат етілген сыйлықтың шекті құны жойылды.

Яғни, Азаматтық Кодекстің (ерекше бөлім) 509-шы бабына сәйкес, бұдан былай мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне олардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін сыйлық беруге, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге ықпал етуі мүмкін болса жол берілмейді.

«Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне тіпті олардың қалауынсыз немесе білмеуінсіз келіп түскен сыйлықтар 7 күн ішінде Ақмола облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жіберілуі тиіс. Осы сыйлықтарды белгіленген тәртіпте сатып алу мүмкіндігі сақталады» - деп мәлімдеді спикер.

Бұл ретте, аталған заңнамалық шектеу мемлекеттік қызметшінің жеке өмірінен туындайтын жағдайларға қолданылмайды. Мысалы, отбасылық-салтанатты іс-шаралар барысында ол туыстары мен жақындарынан сыйлықтар ала алады.

Бұдан басқа, Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген өзге де адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірлесіп жұмыс істеуіне жол бермеу туралы нормаларды күшейту көзделген. Мемлекеттік қызметшілер жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды және оларға басшылық ете алмайды.

Сондай-ақ мемлекеттік лауазымға орналасуға үміттенген азаматтар осы ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.