Биыл астықтың сапасы жоғары– Сапархан Омаров
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын екенін және биыл оның қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары екенін мәлімдеді
Министрдің айтуынша, республика бойынша барлығы 14,8 млн. гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы егін алаңының 93,4%-ы жиналды, ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн. гектар немесе 67,6% жиналған болатын.
Бүгінде гектарына 12,3 центнерден алынып, 18,2 млн. тонна астық бастырылды (2019 жылы 11,4 млн. тонна).
«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді С.Омаров.
Сонымен қатар, отырыс барысында егіннің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету жағдайы қозғалды. Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн. тоннаны құрайды, оның 12,1 млн. тоннасы – астық қабылдау кәсіпорындарында, 16,7 млн. тоннасы – ауыл шаруашылығы өндірушілерінде.
«Жаңа өнімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3,0 млн. тонна астық түсті, бұл 2019 жылғы осындай мерзімде астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп. Аталған деректер егін жинау қарқынының өткен жылмен салыстырғанда жоғары екендігін тағы бір рет растайды», - деді АШМ басшысы.
Сапархан Омаров биыл астықтың сапасы жоғары көрсеткіш көрсеткенін тілге тиек етті. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жалпы бидай көлемінің 83,8%-ы 1-3-сыныптарға жатқызылған.
«Сапалы өнімнің алынуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі мақсатты саясатының арқасында мүмкін болды. Ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды (9,4 млрд. теңгеден 14 млрд. теңгеге дейін). Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38%-ға (19,0 млрд. теңгеден 26,1 млрд. теңгеге дейін), бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20%-ына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті С.Омаров.
Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі экспорты дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай жөнелтілімі артуы мүмкін.
Елімізде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға республикалық бюджеттен 24,5 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды.
«Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға - 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға - 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады. Ал, форвардтық мәмілелер бойынша күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинау аяқталған кезде
[xfvalue_img]