Петропавл қаласының мектеп бухгалтері 700 мың теңгеден астам бюджет қаражатын қалтасына басқан

Петропавл қаласының мектеп бухгалтері 700 мың теңгеден астам бюджет қаражатын қалтасына басқан

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша № 17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің бас бухгалтері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың себеп-салдарын жою мәселесі «Antıkor ortalyǵy» сервистік ортаылғының алаңында талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде мәлімдегендей, 2019 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Е.В. Гадецкая өзінің қызметтік өкілеттігін материалдық байытудың жеке пайдакүнемдік мақсатында пайдалана отырып, жұмыстағы дербес компьютері арқылы «1С Кәсіпорын бюджет KZ» бағдарламасына өзі қалыптастырған төлемдерді есептеу тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізген.

«Е.В. Гадецкаяның пайдасына заңсыз аударуға арналған жалған сомалар көрсетілген тізім келіп түскеннен кейін, мекеме есепші Г.С. Кангожина өзінің функционалдық міндеттерін орындай отырып және ұсынылған мәліметтерді тексеру бойынша өкілеттіксіз, төлем шотын қалыптастырып, оны қоса берілген төлем тізімімен бірге директор Л.Ж. Жалмұқанованың бекітуіне ұсынып отырған. Мектеп директоры өз кезегінде, бухгалтерлік есеп жұмысында жеткілікті тәжірибесі болмай, ұсынылған мәліметтердің дұрыс-бұрыстығына күмәнданбай, өзіне қол қоюға ұсынылған электрондық төлем шотының деректерін бекітіп отырған», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Максим Ганжа.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде бас бухгалтерге төленуге тиіс жалақы мен Е.В. Гадецкаяның жеке шотына 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде аударылған ақша қаражатының сомасы арасындағы айырмашылық 758 238 теңгені құрады.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.

Қылмыстық қудалау органының өкілі бюджет қаражатының ұрлануына және сол арқылы мемлекетке залал келтірілуіне – мектеп басшылығының өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себебінен екендігін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.