АҚМОЛАДА ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАҢҒЫРТУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында тұрғын үй қорын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын қарастыру бойынша кеңес өтті.
Көкшетау қаласы әкімдігінің басшылығы, тұрғын үй қатынастары, ТҮКШ саласының өкілдері, сондай-ақ аймақ тұрғындары қатысқан іс-шараның ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей трансляция жүргізілді.
Айта кету керек, «Aqmola - Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі, қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен Пәтер иелері кооперативінің қауымдастығы арасында тұрғын үй саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды.
Меморандум аясында қазіргі уақытта жобалық кеңсенің мүшелері 2020 жылға дейін ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасымен қамтылған Көкшетау қаласының 74 көп пәтерлі үйін күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.
Кездесу барысында жетекшілік ететін сала басшыларының мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сөйлеген сөздері тыңдалды. Сонымен қатар, кеңесте Абай көшесінде орналасқан 138 үйді абаттандыру мәселесі қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша аумақтық Тұрғын үй инспекциясының басшылығы аталған үйдің тұрғынына мәселені шешуге және тиісті қорытынды беруге уәде берді. Қаланың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін аула аумағын абаттандыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Өз кезегінде, үй тұрғындары облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне аталған мәселені шешуге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Департамент превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов тұрғындарды осындай әлеуметтік маңызды салаларға белсенді қатысуға шақырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
27 пікір