«ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ АЙТЫЛДЫ

«ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ АЙТЫЛДЫ

«Adal Kómek» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет департаментінің басқарма басшысы Бибігүл Нұрова «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсын өткізу тәртібі туралы айтып берді.

Спикердің айтуынша, 22 мамырда «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталған. Қатысушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында конкурс онлайн форматта өткізіледі.

Байқау екі негізгі кезеңде дистанциялық форматта өткізіледі:

I кезең – конкурс өңірлік (облыстық) деңгейде өткізілетін конкурс. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылады.

II кезең – Республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталады.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 29 мамыр сағат 23:59-ға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне b.nurova@kyzmet.gov.kz  электрондық поштасына төмендегідей мәліметтерді жіберу арқылы жүзеге асырылады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының сауалнамасы ;

3) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) көлемі 500 сөзден аспайтын «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы басылған мотивациялық эссе (Times New Roman-14, жоларалық интервал – дара) форматтағы А-4.

Қағаз тасығышта қолыменен жазылған эссе ұсынылған жағдайда, құжаттың Word форматында (.doc) көшірмесі тапсырылады.

Мотивациялық эсседе үміткердің кәсіби қызметтегі негізгі жеке жетістіктері, өз қызмет саласындағы проблемаларды шешуге, мемлекеттік органның өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процесіне жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалар тізбесі (болған жағдайда) баяндалады.

Өңірлік комиссияның отырысы қашықтықтан өткізіледі. Республикалық комиссияның қарауына облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан рейтингте ең көп балл жинаған 3 үміткер жіберіледі.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық деңгейде өткізілетін екінші кезеңіне ұсынылатын болады.

Толық ақпаратты Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан, сонымен қатар 8 /7172/ 24-89-26, 24-88-31, 87023800822 телефоны арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік органдардың және Орталық мемлекеттік органдарға аталған байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне b.nurova@kyzmet.gov.kz поштасына жіберуге болады.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді белсенділік танытып байқауға қатысуға шақырамыз!

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.