БАҚ-қа таратуға арналған ақпараттық бейнехабарлама /Блокбекеттер бойынша/
Елордада, ірі мегаполистерде және Қазақстанның басқа да аймақтарда төтенше жағдай режиміне байланысты карантин және кіру-шығу шектеуі енгізілді.
Бұл режимді қамтамасыз ету үшін қалаларда блокбекеттер жұмыс істейді.
Құрметті азаматтар, уәкілетті қызметкерлерге материалдық сыйақы ұсыну арқылы, блокбекеттерді кесіп өтуге тырыспауға, азаматтық саналылық көрсетіп, карантин шарттарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамға материалдық сыйақы беру сыбайлас жемқорлық қылмысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады.
Егер Сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласу қажеттілігін естеріңізге саламыз.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=jUzX2gqvasg&feature=youtu.be
[xfvalue_img]