Корея Қазақстанмен өз табысының құпиясымен бөлісті
Ағымдағы жылдың 19-21 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Халықаралық зияткерлікті дамыту институтының директоры, Корея Республикасының жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларына арналған инновациялық оқыту бағдарламаларын әзірлейтін, жастар арасында салауатты ойлауды тәрбиелейтін MIND - Tomorrow журналының халықаралық тілшісі, профессор Джо ГЮ Юн дәрісінің екінші кезеңін ұйымдастырды. Осы дәріс аясында профессор Тұран Астана университетінде оқытушылармен, Мемлекеттік басқару академиясында дәріс тыңдаушыларымен, профессорлық-оқытушылық құраммен және блогерлермен, сондай-ақ КазГЮУ университетіндегі «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының мүшелерімен кездесті.
Сонымен қатар, кореялық делегацияға IKOMEK ахуалдық орталығы мен IQala қалалық қызмет көрсету орталығының қызметтері таныстырылды.
Профессор Джо ГЮ Юн қазақстандықтар үшін парасаттылық сезімін дамыту қажеттілігін өз сөзінде атап өтті.
Дамыған елдердің тәжірибесі парасаттылық пен адалдық қағидаттарын сақтау арқылы, олардың экономикаларын дамытуда зор серпін жасай алғанын көрсетеді.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар жоғары эмоционалды деңгей мен материалдарды ұсынудың қызықты форматын атап өтті, бұл отбасылық қатынастардың маңыздылығын және өскелең ұрпақты бақытты өмір құруға негіз болатын басты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу қажеттілігін еске түсіруге мүмкіндік берді.
Халықтың мәдениетін жаңғырту және отбасылық құндылықтарды сақтау арқылы сананы жаңғырту тәсілдеріндегі пайымды ескере отырып, алдағы уаққыта осындай дәрістерді әр түрлі топтарға өткізу жоспарланған.
Профессордың парасаттылық мәдениетін қалыптастыру үрдісіне қосқан зор үлесі мен өз қаражатына Қазақстанның білім беру мекемелерінде бірқатар тренинг өткізгенін ескере отырып, Агенттіктің Төрағасы профессорды медальмен марапаттады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 4-5 ақпан аралығында бұл дәрістердің бірінші кезеңі өткен болатын. Ол кезде профессор Джо Гю Юн С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетіне, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына барды. Жалпы, дәрістің екі кезеңінде тыңдаушылар саны шамамен 900 адам-ға жетті.
[xfvalue_img]