ХАБАРЛАУ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай-Кәсіпорын) бос орынға орналасуға сұхбаттасу өтетінін жариялайды:
- Кәсіпорынның Қарағанды облыстық филиалының директоры;
Үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- сұхбаттасуға қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Үміткерлерге келесі біліктілік талаптары қойылады:
- Мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: ветеринараия (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария);
- Еңбек өтілі ветеринария саласында мамандығы бойынша басқару лауазымында 5 жылдан кем емес;
- Зертханалық менеджментті, ветеринариялық заңнамасын білуі;
- Компьютерде және өзге де оргтехникалармен жұмыс істей білуі;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.
Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қ-сы, Республика даңғылы, 50/1, байланыс телефоны, факс 8(7172) 91-61-24, 91-61-14, 91-61-13, эл.пошта: odo-rvl.ast@mail.ru
[xfvalue_img]
13 пікір