Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
2019 жылдың 3 желтоқсанында сағат 11.00-де Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облысы Полиция Департаментінің бастығы Арман Оразалиев облыстық ата-аналар жиналысын өткізеді.
Сонымен қатар, осы күні аталған жиналыс Тараз қаласында және облыстың 10 ауданында аудандық полиция бөлімдерінің бірінші басшыларымен бір уақытта өткізілетін болады.
Жиналыстың мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, түйткілді мәселелерді ақылдаса отырып, шешімін табу.
Аталмыш шараға Жамбыл облыстық Полиция департаментінің басшы құрамы, Облыс әкімдігінің қызметкерлері, облыстық Білім басқармасының қызметкерлері, ата-аналар, облыстық ата-аналар комитетінің мүшелері, Қамқоршылық кеңесі, жеке күзет ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Осыған орай, бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ мәселе екенін ескере отырып, өңір тұрғындарын аталған жиналысқа белсене қатысуға шақырамыз.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]