Мобильді технологиялар жемқорлыққа қарсы…

Мобильді технологиялар жемқорлыққа қарсы…

Бүгін Ақмола облысында оқу орындарындағы адалдық елшілерін сайлауға арналған еліміздегі алғашқы ұялы бағдарлама таныстырылды.

Ұялы бағдарламаның пайда болу тарихымен брифинг барысында «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының мүшесі Ерлаз Жайықбаев бөлісті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жобалық кеңсе білім мекемелерінде парасаттылық пен академиялық адалдық ұстанымдарына ішкі бақылау жүргізу мақсатында «Адалдық елшісі - Ambassador of Integrity» институтын бекітуге ұсыныс жасады.

Білім мекемелері бұл бастаманы қолдап, бүгінгі таңда адалдық елшілері Ақмола облысының 33 колледжінде енгізілді. Адалдық елшілері студенттер қатарынан сайланады. Олардың миссиясы студенттер ортасындағы академиялық адалдық және парасаттылық ұстанымдарын дәріптеу идеяларын дамыту болып табылады.

«Адалдық елшісі» институты енгізілген уақыттан бастап елшілерді сайлау үрдістерінің әділеттілігін қамтамасыз ету мәселесі туындады. Сол себепті «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы ұялы бағдарлама әзірлеуді ойлап тапты» - деп Ерлаз Жайықбаев атап өтті.

Аталған бастамаға қолдау білдірген Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің студенті Максим Соколовский оқу орындары студенттеріне кез-келген елші болуға лайықты студент үшін дауыс беруге мүмкіндік беретін «Ambassadors of Integrity» ұялы бағдарламасын жасап шығарды.

Брифингте ұялы бағдарламаны Максимнің тәлімгері, Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Әсет Әбдіғапаров таныстырды.

«Бүгін Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжінің студенті Максим Соколовский әзірлеген жобаны таныстырып отырмыз. Өткен жылы біздің колледжде цифрлық дағдылар мен қабілеттерге үйрету бойынша өңіріміздегі жалғыз айти орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың жұмысы шеңберінде наурыз айынан бастап Ambassadors of Integrity ұялы бағдарламасын әзіргеу қолға алынды. Аталған бағдарлама білім беру мекемелеріндегі адалдық елшілерін сайлау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар студенттердің білім беру сапасына, жатақханада тұру жағдайларына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» - деп Әсет Әбдіғапаров мәлімдеп өтті.

Ұялы бағдарлама қазіргі уақытта соңына дейін әзірленуде. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы дайындалуда. Жаңа оқу жылы басталғанша дейін бағдарлама ресми түрде іске қосылатын болады.

Сонымен қатар Ерлаз Жайықбаевтың айтуынша, жазғы демалыс кезеңінде жазғы лагерлердің бірінде елшілер слетін өткізу жоспарлануда. Онда олар ақпарат алмасып, білім беру ортасындағы жемқорлықтың алдын алуға жол бермеудің жаңа әдістері мен формаларын талқылауға мүмкіндік алады.

 Брифингте балаларды мектептерге қабылдау және реттеу бойынша aqmola.kz жүйесінің жетілдірілген нұсқасы да таныстырылды. Бұл шара балаларды бірінші сыныптарға іріктеу барысында туындайтын тұрмыстық жемқорлық тәуекелдерін жойып отыр. Бұған дейін мектептің әкімшілігімен келісу арқылы сыныптарды өз қалауынша қалыптастыру, немесе белгілі бір балаларды «мықты» сыныптарға, беделі және кәсіби дәрежесі жоғары мұғалімдерге беру тәжірибесі болған. Бүгінгі таңда балаларды сыныптарға іріктеу үдерісі автоматтандырылған.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.