Ақмолалық полиция қызметкерлерінің жұмысына салмақты өзгертулер енгізу ұсынылуда
«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Ақмола облысы полиция департаментінің офицерлік құрамымен, сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонымен кездесу өткізді. Кездесулер барысында жобалық кеңсе өкілі Ақерке Бекахметова жобаның мақсат-міндеттерін, іске асырылу барысын таныстыра отырып, өзара бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
«Қазіргі уақытта біз құқық қорғау органдарында тұрмыстық жемқорлықты жоюға және полиция қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарудамыз. Бұл орайда 2019 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен кең ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылар үшін жайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар атқарылып, оның шеңберінде азаматтардан түрлі ұсынымдар түсуде» - дейді Ақерке Бекахметова.
Танымал Sinegor.kz парақшасында жол қозғалысы белгілерінің орналасуы бойынша ұсынымдар қалдыруға арналған пост https://www.instagram.com/p/BwMHF6kjjVR/ жарияланды. Қазіргі уақытта екі жүзден астам ұсыным келіп түсті.
Кездесу барысында жобалық кеңсе жол-патрульдік полициясы қызметін жақсарту бойынша бірқатар ұсынымдар енгізді. Қызықты ұсынымдардың ішінде АҚШ мысалында "Ride-Along" бағдарламасын енгізуді атап өтуге болады.
«Ride-Along бағдарламасы қарапайым азаматтарға полицияның жұмысына қатысуға мүмкіндік береді. Кез-келген азамат жылына бір рет 5-6 сағат ішінде патрульдік жұмысқа қатысуға мүмкіндік алады. Қандай да бір тергеу немесе шұғыл-іздестіру шараларына қатыса алады. Ол адамдарға полицияның жұмысын түсінуге, полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін атқару барысында қандай қиыншылықтарға тап болатынын көруге мүмкіндік береді. Осылайша азаматтардың сенімі артады, себебі олар барлық жұмыстың ауыртпалығын сезіне бастайды» - деп есептейді Ақерке Бекахметова.
Сонымен қатар полиция қызметкерлерін алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету арқылы олардың кәсіби дәрежесін арттыру ұсынылды.
Полиция жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, полиция қызметкерлерінің эмоционалдық қысымын төмендету, күйзеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде психологиялық тренингтер ұйымдастыруға ұсыным берілді.
Жазира Тоқтар, пресс-секретарь Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
[xfvalue_img]