Персоналды басқару қызметтеріне мемлекеттік қызмет саласы заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

Персоналды басқару қызметтеріне мемлекеттік қызмет саласы заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

 

А.ж. 23 қаңтарында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен аймақтағы мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы, департамент басшысының орынбасары Р.Братаева өз сөзінде мемлекеттік органдардың кадр саясатын іске асырудағы және кәсіби инновациялық мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы кадр қызметтерінің маңызды ролін атап өтті.

Мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметтерінің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы туралы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г.Евниева баяндады. Сонымен бірге, семинар барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Баяндамашы жеке қасиеттерді бағалаудың жаңа жүйесіне ерекше мән берілді. Осылайша, мемлекеттік қызметке үміткер азаматтар адалдық, тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық қасиеттеріне ие болуы керек. Былайша айтқанда, бұл мемлекеттік қызметшіге қажетті базалық қасиеттер болып табылады. Лауазым деңгейіне байланысты қосымша келесі құзыреттер тексеріледі: өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жаңа жүйеге сәйкес тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Өту мәнінен төмен бағаланған үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Қағаз тасығышта ұсынылатын құжаттар санын қысқарту аясында, а.ж. 1 ақпанынан бастап үміткерлер жалпы конкурстарға қатысу үшін заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырымның ұсынылуы талап етілмейді. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) үміткердің аталған құжаттарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша тексереді.

Семинар қатысушылары, сондай-ақ, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарындағы өзгерістермен таныстырылды.

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерін оқыту жағдайы туралы  және ағымдағы жылғы жоспарларымен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы директорының м.а. А.Бекентаева бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар қойған сұрақтарына толық жауап алды.

Р.Братаева қорытынды сөзінде семинардың қатысушыларына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, ағымдағы жылға міндеттерді айқындап берді.

Іс-шараға 90 адам қатысты.

 

Жазира Тоқтар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.