Қазақстан мен Франция экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
А.ж. 15 қыркүйекте Сен-Жорж де Мон қаласында «Экотитаниум» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорынның Еуропадағы алғашқы титан қалдықтарын қайта өңдеу зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы кәсіпорынның құрылтайшылар құрамына Өскемен титан-магний комбинатының (ӨТМК) еншілес кәсіпорны «УКАД» кіреді. Инвестицияның жалпы көлемі 48 млн. еуро құрады. Жұмыс орындарының саны – 60.
Ашылу рәсіміне өнеркәсіпке жауапты Францияның Экономика және қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бенжамен Гриво, «ADEME», «Airbus», «Safran», «Eramet» компанияларының, «Credit Agricol» және Еуропалық инвестиция банкілерінің басшылары, Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкілдері, сондай-ақ ӨТМК АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер және компанияның Президенті Әсем Мамұтова қатысты.
Мемлекеттік хатшы аэроғарыш саласының жоғары технологиялық өнімдерін өндіру үшін стратегиялық шикізаттың импорттық жеткізілімдерден тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жаңа зауыттың Франция және бүкіл Еуропа үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
«Eramet» компаниясының Президенті Кристель Борие аэроғарыш саласы үшін өнімдерді жеткізу бойынша «Airbus» және «Safran» компанияларымен стратегиялық серіктестіктің жалғасуына қолдау білдірді, сондай-ақ жаңа кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етуде қазақстандық әріптестің маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз хабарламасы
[xfvalue_img]