Астанада жаңа қауіпсіздік нүктесі: №70 учаскелік полиция пункті ашылды

Астанада жаңа қауіпсіздік нүктесі: №70 учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында елордада қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі түрде нығайту жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам ретінде Сарайшық ауданында №70 жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.

Заманауи полиция пункті Нәжімеденов көшесі, 27 мекенжайындағы «Балауса» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы 177 шаршы метрді құрайтын бұл нысан қызметкерлерге де, азаматтарды қабылдауға да қолайлы жағдай жасау ұйымдастырылған.

Ашылу салтанатына Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев, аудан әкімі Мақсат Саматұлы, сондай-ақ мәслихат депутаты Мадина Әжікенова қатысты.

«Қауіпсіздік – полицияның қолжетімділігінен басталады. Жаңа пункттің ашылуы – тұрғындарға жақын болуға және олардың өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Марат Төлебаев.

Ашылу құрметіне және алдағы мерекелерге орай, қалалық ПД басшысы азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мен полицейлердің мобильділігін арттыру мақсатында қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Өз кезегінде, аудан әкімдігі бөлімшені жабдықтау және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту үшін үш ауа баптағыш сыйға тартты.

Жаңа учаскелік пункт аудан тұрғындары үшін маңызды қауіпсіздік нүктесіне айналады. Мұнда 7 полиция қызметкері жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және профилактикалық жұмыстар жүргізумен айналысады.

Қызмет көрсету аумағы әлеуметтік жүктемесі жоғары аймақты қамтиды. Жауапкершілік аймағында 7 маңызды нысан бар, оның ішінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалы да бар.

Пункт тиімді жұмыс істеу үшін толық жабдықталған: қызметтік кабинеттер, заманауи техника орнатылған, азаматтарды қабылдауға арналған қолайлы аймақтар қарастырылған.

Учаскелік полиция пунктінің ашылуы – қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.