«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»: бас жүлдесін Маңғыстау облысының тұрғыны жеңіп алды!

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»: бас жүлдесін Маңғыстау облысының тұрғыны жеңіп алды!

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акцияның қорытынды ұтыс ойыны өткізілгенін хабарлайды.

Науқан 2024 жылдың 4–ші қыркүйегі мен 31–ші желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және «Amian» түбіртектерді сақтау сервисінің қолдауымен өткізілгенін еске саламыз.

«Amian» қосымшасына онлайн БКМ 1,2 млн–нан астам түбіртек жіберілді. Қатысушылар арасында смартфондар мен бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Науқанның бас жүлдесі – «iPhone 15 Pro» смартфонын Маңғыстау облысының тұрғыны Рамахан Шаңытбай жеңіп алды.

Науқан азаматтарға кәсіпкерлік субъектілерінің салық заңнамасын сақтауы бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға және бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік берді.

Барлық өңірлердің науқанға ауқымды қатысуы, тұтынушылар арасында салық және қаржы мәдениетінің өсуіне, сондай–ақ кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығуға ынталандыруға түрткі болды.

Бұл акцияны өткізу ең алдымен азаматтық белсенділікті арттыруға, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай–ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.