Жолаушылар мен көлік ағынын бақылау барысында шекара маңы бекетінен табылды
2024 жылы 1 желтоқсанда 18 сағат 39 минутта Қазақстан–Өзбекстан шекарасында орналасқан Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тәжен» кеден бекетінде жолаушылар және көлік ағынын бақылау барысында Бұхара (ӨзР) – Мәскеу (РФ) бағыты бойынша жүретін Yutong көлік құралының багаж бөлігінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара нарядымен және облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп келесі заттар табылды: 1) спирттік ішімдіктер (JACK DANIELS виски) – 22 қорап, әр қорапта 12 бөтелке (1 бөтелке – 1 л); 2) электрондық темекі (WAKA) – 460 қорап (1 қорап – 10 дана). Іс жүзінде тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
ҚР ҚПК–нің 201–бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77–бабының 3–тармағының 1–тармақшасына және ҚР Қылмыстық–процестік кодексінің 19–бабының 1–бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
[xfvalue_img]