«Субконтракт биржасы-2024»: тау-кен металлургия машина жасау орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Субконтракт биржасы-2024»: тау-кен металлургия машина жасау орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астанада «Субконтракт биржасы – 2024» іс-шарасы өтті. Биржа алаңында ірі жер қойнауын пайдаланушылар, отандық тауар өндірушілер, жүйе құраушы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен өтті. Биржаның басты мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерінің ірі отандық компаниялармен тиімді байланыс орнатуына арналған B2B алаңын құру болып табылады. Мұндай ынтымақтастық өнім өндіру мен жеткізу саласында кооперациялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Биржаның ашылуына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, «QazIndustry» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов, Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ерқанат Маканов және ТМК саласының ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Вице-министр Олжас Сапарбеков өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуда жергілікті үлесті арттыру мен оффтейк келісімшарттарын толыққанды іске қосу маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, елде ірі бизнес төңірегінде шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға зор әлеует бар. Ұзақ мерзімді келісімшарттар жергілікті тауар өндірушілерге өндірісін жоспарлауға, жаңғыртуға инвестиция салуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, О.Сапарбекова министрлік тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, жергілікті үлесті дамыту бағдарламаларын әзірлеуді және отандық өнеркәсіпті қолдауға бағытталған келісімшарттар жасауды қарастыратын түзетулер дайындалған. Бұл қазақстандық кәсіпорындардың дайын өнімдерін кепілдендірілген түрде сатуға және ішкі нарықтағы тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, отандық өндірушілерге өндіріс көлемін ұлғайту, жоғары сапалы және нарық талаптарына сай өнім шығару міндеттері қойылады.

Іс-шара аясында QazIndustry, «Қазақмыс», «Қазцинк» және ERG компаниялары арасында тау-кен металлургия машина жасау орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум QazIndustry базасында бірыңғай аналитикалық орталық құруды көздейді. Орталық сатып алуларды талдау, ұзақ мерзімді және оффтейк келісімшарттар жасауға жәрдемдесу, сондай-ақ жаңа өндіріс түрлерін жергіліктендіру бойынша маңызды алаңға айналады.

Айта кететіні, Субконтрактілер биржасының негізгі тақырыбы – ірі тау-кен өндіру кәсіпорындары мен қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері болды. Мұндай ынтымақтастық металлургия, машина жасау, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп сияқты өңдеу салаларының жүктемесін арттыруға көмектеседі.

Биылғы жылы ТМК кәсіпорындары мен отандық өндірушілер арасында 108 миллиард теңгеден астам сомаға 246 ұзақ мерзімді келісімшарт және 25 миллиард теңгеге жуық 39 оффтейк келісімшарт жасалған. Бұл көрсеткіштер негізінен ГМК кәсіпорындарының есебінен қалыптасқан.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының басқарма төрағасы Берік Бекенов мұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, олардың отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін таныстыруға және тиімді өндірістік байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Субконтрактілер биржасы отандық өндірушілердің ірі тапсырыс берушілермен байланысын нығайтуға, тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді», – деді орталық басшысы.

Биржа барысында жалпы сомасы 5 миллиард теңгеден асатын ұзақ мерзімді және оффтейк келісімшарттарға қол қойылды. Олар тау-кен техникасына қосалқы бөлшектер, панельдер, түрлі құбырлар, сондай-ақ тоқыма бұйымдары, төсек-жабдықтар мен эмаль сымдарын жеткізуді қамтиды.

Сондай-ақ, Биржаның іскерлік алаңында B2B-кездесулер ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен өнім өндіру және жеткізу мәселелерін талқылап, байланыстар орнатып, өзара ақпарат алмасты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.