Ипотекалық несиелеу саласындағы алаяқтық

Ипотекалық несиелеу саласындағы алаяқтық

Қала тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан.

Мысалы, құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған  үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған.

Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Астана қаласының прокуратурасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.