Қазақстан Республикасының авиациялық билігі ICAO EUR/NAT 2024 қоршаған орта мәселелері жөніндегі өңірлік семинарға қатысты
Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Самарқанд қаласында ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта мәселелері жөніндегі өңірлік семинарға қатысты.
Іс-шара авиациялық билік өкілдерін, азаматтық авиация саласының субъектілерін азаматтық авиацияның тұрақты дамуы саласындағы ағымдағы және болашақ сын-қатерлерді талқылау үшін жинады.
Семинар көміртегі шығарындыларын азайту, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу, соның ішінде ИКАО–CORSIA бағдарламасы бойынша мақсаттарға қол жеткізуді қоса алғанда, тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша стратегиялық мақсаттар сияқты негізгі тақырыптарға бағытталды.
ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қойған 2050 жылға дейінгі халықаралық ұшулардан таза нөлдік эмиссияға қол жеткізу жөніндегі мақсатты іске асыру шеңберінде Қазақстан ағымдағы жылы ACT-SAF экологиялық авиациялық отын саласындағы бағдарламаға қосылды.
Семинар барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаға СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Қазақстан ИКАО-ның қоршаған ортаны қорғау және азаматтық авиацияның отандық саласында үздік тәжірибелерді енгізу жөніндегі бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруға ниетті.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]