Чекты талап ет – бағалы сыйлықтар ұтып ал!
Мемлекеттік кірістер комитеті Фискалдық деректер операторымен бірлесе отырып, «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясын бастады. Акция 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Еліміздің әрбір тұрғыны, сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу арқылы, тұтынушы ретіндегі құқықтарын қорғап қана қоймай, iPhone 15 Pro секілді смартфондар немесе басқа да құнды сыйлықтардың иегері бола алады! Акцияға деректерді тіркеу және беру функциясы бар кассалық аппараттардан алынған чектер қатысады.
Акцияға қатысу үшін:
- сатып алулар жасаңыз немесе ақылы қызметтер алыңыз;
- фискалдық чекті алып, оны «Amian» қосымшасына тіркеңіз.
Қосымшаны жүктеу сілтемелері: AppStore – https://apps.apple.com/kz/app/amian/id6504098123 және Google Play – https://play.google.com/store/apps/details?id=com.amianapp6.Amian.
Чек – бұл сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау құралы. Ол сатып алу немесе қызмет алу фактісін растап қана қоймай, сапасыз тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға кепілдік береді. Чек талап ете отырып, сіз өз құқықтарыңызды қорғайсыз, көлеңкелі экономиканы азайтуға көмектесесіз және бизнестің адал жүргізілуіне ықпал етесіз.
Сыйлықтар ұтып алу және құқықтарыңызды қорғау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
[xfvalue_img]