"Ашық диалог": елордалық полицияда ойын-сауық мекемелеріндегі проблемалық мәселелер талқыланды

Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігімен және күзет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда ойын-сауық мекемелеріндегі проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты - криминогендік жағдайды тұрақтандыру және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау. ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Дастан Қалиев статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ түнгі мекемелерге тән қылмыстарды айтып, қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды.

Спикер атап өткендей, талдау түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жасалатын қылмыстардың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін айғақтайды.

Ағымдағы жылы ойын-сауық орындарынан "102" арнасына қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша 6 мыңнан астам хабарлама келіп түсті.

Полицейлер күзет ұйымдарының қызметкерлерімен сындарлы өзара іс-қимыл жасауды ұсынды, жанжалды жағдайларда іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Ғимараттарға суық және атыс қаруын әкелу фактілерінің жолын кесу мақсатында күзет қызметкерлерін металл іздегіш құрылғылармен қамтамасыз ету міндетті. Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне мекемелердің ішінде де, сыртында да бейнебақылау камераларын қосымша орнату қажет.

Полицейлер, қала тұрғындары мен қонақтары өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қылмысты азайтуды қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға болатынын атап өтті.

 

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив