Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың алдын алу іс-шаралары
Астана қ. Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл Басқармасының қызметкерлері «Қазақстанның даму банкінің» қауіпсіздік және күзет қызметкерлерімен семинар өткізді. Қазақстан Республикасының «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы, терроризм актісі қауіпі төнген кездегі іс-қимылдары, және төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған іс-қимылдар мен алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда жәрдемдесу» саласындағы заңнамалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273 бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) жеткізілді.
Сонымен қатар, деструктивті идеялар жән олардың көріністерінің алдын алу, сондай-ақ діну сауаттылықтың деңгейін арттыру жөнінде айтылды.
Қоғамдағы, әсіресе жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ халық арасында дәстүр, мәдениет және мемлекет құндылықтарына сәйкес діни санасезімнің қалыптасуына ерекше көңіл бөлінді.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]