СҚО-да полицейлер халықтың сауалдарына тікелей эфирде жауап беріп жатыр
Видео: https://youtu.be/pKXUOehGuL0
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізуден бастады. Облыстық полиция департаментінің медиа-студиясынан департаменттің Instagram желісіндегі ресми аккаунттарында өткен тікелей эфирге басқармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты. Өйткені олардың жұмысы адамдарды көкейіндегі ең өзекті сұрақтарға тікелей байланысты.
Жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Назар Байматовқа желі қолданушылары Петропавлдағы автокөлік жүргізушілерінің көкейінде жүрген қаланың кейбір көшелеріндегі, әсіресе Н.Назарбаев көшесіндегі қосарланған тұтас таңбалау сызығы туралы сұрақтарын жолдады. Назар Байматов бұл таңбаны қолдану туралы шешім көлік санының өсуіне байланысты қабылданғанын еске салды.
«Сондай-ақ тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көлік құралдарын тіркеу, халықтың көші-қоны, азаматтық және қызметтік қару айналымы мәселелеріне де қатысты сұрақтар қойылды, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов. – Акцияға аудандық полиция бөлімдерінің де жетекшілері қатысып жатыр. «Жолда қабылдау» акциясы сенбі күні де өткізілмек. Басшылар облыс аудандарына шығып, тұрғындармен жүздеспек. Адамдармен тікелей байланысқа жасау не болмаса жүзбе-жүз кездесу ашықтық қағидатын тиімді іске асыруға және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді».
Акцияның алғашқы күнінің жартысында солтүстікқазақстандық полицейлер 47 сұраққа жауап берді. Тәртіп сақшылары сұрақтарды әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде де, call-орталықтың 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 нөмірлері бойынша да қабылдайды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД Ақпараттық саясат бөлімі
https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-azamattardyng-saualdaryna-tikelej-efirde-zhauap-berip-zhatyr/
[xfvalue_img]