Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі мен ең үлкен көпірдің құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі мен ең үлкен көпірдің құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр

Бүгінгі таңда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін автомобиль туннелінде бетон және асфальтбетон жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесін монтаждау және газ құбырларын өткізу, желдеткіштер мен өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Шақпақ баба асуы арқылы өтетін еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің құрылысын аяқтау көзделген. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды», – деді Марат Қарабаев.

Осылайша, қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің тіректерін салу бойынша жұмыстардың жалпы көлемі 81 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 21 тіректің 17-сі салынып, қалған төрт тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив