Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктінің бастамасы бойынша 21 әкімшілік іс қозғалды
Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтентердің бастамасымен «Коммунальщик» ШЖҚ МКК қатысты 21 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ерікті Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында жер бедерінің ластануына әкелген кәріз қалдықтарын рұқсатсыз төгу фактісін анықтады.
Осыған байланысты волонтер тиісті шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экология департаментіне өтініш білдірген.
Нәтижесінде тексеру жүргізіліп, экологиялық заңнама бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды: ағынды суларды ағызудың қосымша көздері, жер ресурстарының ластануы, өндіріс қалдықтарын рұқсатсыз орналастыру және есептерді тапсыру саласындағы бұзушылықтар.
Тексеру қорытындысы бойынша «Коммунальщик» ШЖҚ МКК-не қатысты 21 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.
Бүгінгі таңда «Коммунальщик» ШЖҚ МКК 4 098 120 теңге сомасында айыппұл төледі.
Атап өтейік, 2023 жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асырылуда, оған Ақтөбе облысы бойынша 120-дан астам азамат қосылған.
[xfvalue_img]