Вице-министр Аманғали Бердалин БҚО шаруаларымен кездесті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, шаруалармен кездесті. Ондағы мақсат көктемгі дала жұмыстарының осы өңірдегі жүргізілу барысын білу.
Вице-министр Аманғали Бердалин өз сөзінде көктемгі науқанның оңтайлы мерзімде жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Осы мақсатта биыл алғаш рет 580 миллиард теңгеге дейін бөлінгенін, оның 400 миллиарды коммерциялық қарыз капиталы екенін, оның да жеңілдетілген мөлшерлемесі болатынын айтты.
«Өңірлерде көктемгі егіс жұмысын ұйымдастыру бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Сондықтан егіс кезеңінде туындайтын барлық мәселе қаралады және шешіледі. «Жаңа тетік фермерге «таза» 5% -бен несие алуға мүмкіндік береді, ал қарыз беру мерзімі 12 айды құрайды. Кепіл тапшылығы проблемасын шешу үшін «Даму» қорының құралдары арқылы Аграрлық несие корпорациясында АШТӨ қарыздарын кепілдендіру тетігі іске асырылуда, ол несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдік береді. Кепіл бойынша қалған қамтамасыз етуді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзі ұсынады», деді вице-министр.
Аграрлық несие корпорациясында несие мақұлданғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Даму» қорына құжаттарын тапсыруы керек. Құжаттар тізімі Аграрлық несие корпорациясы мен «Даму» қорының сайттарында орналастырылады.
Кездесу соңында аймақ шаруалары қазіргі кезде өздерін алаңдатып отырған сауалдарын және салаға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Аманғали Бердалин әрбір пікірдің ескеріліп, министрлік тарапынан барынша қолдау болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, вице-министр осы өңірдегі бірнеше шаруашылықты аралап, БҚО аумақтық инспекцияның, Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияның, Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың және Орал қаласындағы республикалық ветеринариялық зертхананың жұмысымен танысты.
[xfvalue_img]