Көлік министрі азаматтарды қабылдады
Үкіметтің азаматтарды қабылдау орталығында Марат Қарабаев Астана, Алматы және Риддер қалаларынан келген төрт адамды, сондай-ақ ресейлік Челябинск қаласының тұрғынын қабылдады.
Өтініштер министрліктің қызметіне, «Яндекс Такси» қосымшасының жұмысына және халықаралық автобус тасымалына қатысты болды.
Атап айтқанда, С.Аманбаев бұрын-соңды көлік министрі болған С.Алигужиновтың 80 жылдығына орай еске алу іс-шарасын өткізуді ұсынды. Ал азаматша Ш.Сәдуақасова «Транспорт тауэр» Көлік министрлігі орналасқан ғимаратта белгілі бір орынды жалға алу мүмкіндігіне қызығушылық танытса, А.Сүлейменова тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі бойынша жүгінді.
Д.Фомин «Автопассажиртранс» ЖШС рұқсат берген «Өскемен-Новосибирск» маршрутында жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу туралы өтініші бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселемен қайта жүгінді. Атап айтқанда, мәселе халықаралық маршруттарды жүзеге асыруға рұқсат етілмеген автобустарды пайдалану және тасымалдау жүйелілігін бұзуға қатысты болды.
А.Лебедев жүргізуші мен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшасының операторы арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді шешу, такси жолаушыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру мәселесін көтерді. Өз кезегінде ресейлік азамат Қазақстанның Жолаушылар тасымалы нарығындағы «Яндекс такси» монополиясы бойынша мәселені көтерді.
Барлық өтініш берушілерге тиісті түсініктемелер және толыққанды жауаптар қайтарылды.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]