Көлік министрлігінде жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Көлік министрлігінде жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің превенция қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының басшысы Нұрдәулет Сәмет қатысты.

Күн тәртібінде бейінді министрліктің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды. Сондай-ақ теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және теміржол тасымалы саласындағы бизнестің мәселелері жөнінде баяндамалар ұсынылды.

Айта кетерлігі, өткен жылы Көлік министрлігі 20 бюджеттік бағдарламаны іске асырды. Министрліктің даму жоспары стратегиялық бағыттар пен нақты мақсаттарды көздейді және оның шеңберінде белгілі бір индикаторларға қол жеткізу көзделген.

Мәселен, көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға, республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциялануына бағытталған жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен бірге Алматы қаласындағы метрополитеннің құрылысына берілетін нысаналы трансферттер жүзеге асырылды.

Транзиттік әлеуетті дамытуға қатысты айтар болсақ, «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі.LRT», теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялау, шекара бөлімшелерін жобалау және салу, тасымалдаушылар мен вагон операторларының вагондарды сатып алуына сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сонымен қатар тұрақты әуе тасымалдарын субсидиялау. Бұл туралы өз баяндамасында Қаржы және корпоративтік басқару департаментінің директоры Нұрлан Жүнісов айтты.

Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айта келе, Қоғамдық кеңестің бюджет мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Р.А.Сараева елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейтінін, инвестициялық ахуалға теріс әсер ететінін, елдің имиджін әрі Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендететінін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаттарының бірі – сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, теміржолшылар қауымдастығының барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Бұл мақсатқа басқа әдістермен қатар сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу арқылы қол жеткізіледі. Осы ретте заманауи технологияларды енгізуге және теміржолдағы процестерді цифрландыруға назар аудару, сондай-ақ теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті комиссия төрағасы Р.Сараева. Осы орайда отырыс барысында бірқатар ұсыныс берілді.

Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру және теміржол тасымалы саласындағы бизнестің бүгінгі мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап берді. Мәселен, жыл басынан теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 70,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% - ға аз.

Республика ішіндегі қатынаста жүктерді тасымалдау толық көлемде қамтамасыз етілген. Өткен жылдан бастап локомотивтер паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, 113 локомотив сатып алынды.

Бүгінгі таңда жүк вагондарының жалпы саны 136 мың бірлікті құрайды. 2024 жылы жылжымалы жүк құрамын жаңарту мақсатында 242 бірлік вагон сатып алынды.

Айта кетерлігі, Достық - Мойынты, Бақты - Аягөз, Дарбаза - Мақтаарал, Алматы айналма станциясы сияқты инфрақұрылымдық жобаларды салу арқылы өткізу қабілетін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бейінді министрлік жанынан теміржол көлігі саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.