СҚО-да су тасқынымен күреске жұмылдырылатын полицейлер мен техниканың дайындығы тексерілді
Петропавлдағы «Динамо» стадионында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуға әзір Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің күштері мен құралдары тексерілді.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдос Ідірісов жеке құрам мен техниканың дайындығын тексерді. Алаңға жол талғамайтын көліктер, «Youtong» және «ПАЗ» автобустары, су басқан аудандардан адамдар тасымалдауға арналған «КамАЗ» көліктері қойылды. Сондай-ақ су терең аймақтарды табиғатты қорғау полициясының моторлы катері де пайдаланылуы мүмкін.
Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде шұғыл әрекет ететін жасақ та сапқа тұрғызылды. Оның құрамына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары енді.
Су басуы мүмкін аудандарда адамдарға көмектесу үшін және олардың мүлкін сақтап қалу үшін басқа шұғыл қызметтермен бірлесіп жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су шыққалы бері полицейлер күшейтілген түрде жұмыс істей бастады. Тәртіп сақшылары су тасқыны кезінде тұрғындарға көмектесіп жатыр, олар заңдылық пен тәртіпті сақтауға дайын.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]