ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ КАНАДАДАҒЫ PDAC-2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Канадаға жұмыс сапары аясында Торонто қаласында өтіп жатқан пайдалы қазбаларды барлау және тау-кен өнеркәсібіндегі мойындалған жаһандық оқиға PDAC-2024 конференциясының ашылу салтанатына қатысты.
Канаданың геолог-барлаушылар мен әзірлеушілер қауымдастығы (PDAC) тау-кен секторының бәсекеге қабілеттілігін, тұрақтылығын және дамуын қолдауға бағытталған. 1930 жылдардан бастау алатын бай тарихы бар пайдалы қазбаларды барлау және игеру ұйымы ретінде PDAC әлеуметтік және экономикалық жағдайларды жақсартуға және Канададағы оң өнеркәсіптік өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылады. Оның ішінде халықаралық форматтағы конференцияны ұйымдастыру да бар.
PDAC конференциясы инновацияларды, тұрақтылықты және саланың болашақ трендтерін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдерін, сарапшыларын және инвесторларын жинады.
Қанат Шарлапаев тау-кен өнеркәсібінің әлемдік жетекшілерімен, соның ішінде Rio Tinto бас директорымен және Дүниежүзілік банктің тау-кен ісі жөніндегі басшысымен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін және Қазақстанда озық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Министр сондай-ақ Чили, Аргентина және Канаданың көрме стендтерін аралап, соңғы жетістіктермен және әзірлемелермен танысты, өзара қызығушылық пен бірлескен жобалардың әлеуетін атап өтті.
Қазақстанның PDAC-2024 халықаралық конференциясына қатысуы оның әлемдік пайдалы қазбалар нарығының маңызды мүшесі ретіндегі беделін нығайтады және отандық тау-кен өнеркәсібіне ынтымақтастық, инновациялар мен инвестиция тарту үшін жаңа көкжиектер ашады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]