Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруға қатысты

Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне соттарда мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге қатысты келесіні түсіндіреді.

Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған талапкер (салық төлеуші) талап қою кезінде мемлекеттік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте кейінге қалдыру туралы шешімді сот органдары қабылдайды.

Кейінге қалдыруды ұсынудың ең ұзақ мерзімі - шешім қабылданған күннен бастап бір жыл.

Сонымен қатар талапкер (салық төлеуші) өз қалауы бойынша мемлекеттік бажды көрсетілген мерзімге дейін мерзімінен бұрын немесе ішінара төлей алады. Бұл ретте, қандай да бір өтеу кестесін жасау немесе қандай да бір кепілді қамтамасыз ету қажеттілігі қарастырылмаған.

Мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарғаннан кейін сот органдары мұндай ұйғарымның көшірмесін салық органдарына жібереді.

Уақытылы төлем жүргізілмеген жағдайда салық төлеушіде белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын бересі пайда болады.

Салық кодексінде бизнес субъектілері үшін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері көзделген, жеке тұлғалардың берешегі жеке тұлғалардан мүлік, жер немесе көлік салығы бойынша берешекті өндіріп алу сияқты атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алынады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.